00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңге алады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңге алады
ашық дереккөз

Аталған конкурс отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбегін бағалау бағытында қолға алынған. Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева бұл туралы:

«Қазіргі таңда отандық ғылым саласында дамудың жаңа сапалы кезеңі басталғандай. Ғалымдарымыздың еңбектері әлемдік нарыққа шығып жатыр. Жақында ғана біз 14 қазақстандық ғылыми әзірлеменің Қытай, Ресей, Түркия, Грузия, Чехия және Қырғызстанға экспортқа шығарылатыны туралы мәлімдеген едік. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлерін жан-жақты қолдау мәселелеріне назар аударады», - деді.

Комитет басшысының айтуынша, ғылыми жетістіктерді бағалайтын барлық критерий ғылыми және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп әзірленген. Байқау комиссиясының құрамына еліміздің түрлі бағытта қызмет ететін жетекші ғалымдары мен ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кірді.

Конкурсқа қатысуға өтінім министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Үміткерлердің ғылыми жетістіктері ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми жарияланымдары мен монографияларының болуы, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық жасау сияқты критерийлер бойынша бағаланады. Бұл ретте үміткер соңғы жылы университетте кемінде бір пәнді жүргізіп, сондай-ақ соңғы 3 жылда PhD философия докторы ғылыми дәрежесі бар кадрларды даярлауы және ғылым мәселелері жөніндегі консультациялық органдардың жұмысына қатысуы міндетті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 2000 АЕК көлемінде сыйақы беріледі. Бұл 5 млн 834 мың теңгені құрайды.