Ұлттық Банкінің бұрынғы басшысы қайтыс болды
«Дәулет Хамитұлы Сембаев дүниеден озыпты… Ғаламат адам, ғаламат азамат еді…», – деп жазды Айдос Сарым.
Дәулет Хамитұлы Сембаев 1935 жылы 10 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 1958 жылы Қазақ тау-кен-металлургиялық институтын бітірген, инженер-металлург.
1958-66 жж. – С.М. Киров атындағы Алматы машина жасау зауытында құю цехының технологы, қара металл құю учаскесінің аға шебері.
1966-75 жж. – ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, бөлімшесінің бастығы – бөлім бастығының орынбасары, еркін бөлім бастығының орынбасары.
1975-79 жж. – ҚазКСР Министрлер Кеңесінің төрағасы хатшылығының меңгерушісі.
1979-83 жж. – ҚазКСР Министрлер Істерін Басқарушысының орынбасары.
1983-90 жж. – ҚазКСР Мемлекеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, еркін бөлімінің бастығы, төрағасының орынбасары.
1990 ж. – ҚазКСР Президенттік кеңесінің мүшесі
1990-91 жж. – ҚазКСР Жоғары экономикалық кеңесі төрағасының орынбасары.
1991-93 жж. – ҚР премьер-министрінің орынбасары, 1-ші орынбасары.
1993-95 жж. – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы – ҚР Министрлер Кабинетінің мүшесі.
1995-97 жж. – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы.
1997-99 жж. – «АБС-Балқаш» таукен компаниясы» ААҚ Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары.
1999-2002 жж. – «Қазкоммерцбанк» ААҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
2002 жылдан «Қазкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.