00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апатынан екі адам қаза тапты
ашық дереккөз

14 қарашада сағат 19.20-да Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында ірі жол апаты болды. Көктайғақ пен қалың қардың әсерінен тасжолда бірден бес көлік соқтығысты. Оқиға орнында алған жарақаттардан екі адам қаза тапты. Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды.

«Бұл дерекке қатысты ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады. Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.