00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үкімет келер жылы 31 заң жобасын әзірлейді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үкімет келер жылы 31 заң жобасын әзірлейді
ашық дереккөз

Әділет министрі Марат Бекетаев Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары 31 заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді көздейтінін, оның ішінде 11-і – бірінші жартыжылдыққа, 20-сы – жылдың екінші жартысына жоспарланғанын айтты.

Заң жобалары мемлекеттік қызмет, жылу энергетикасы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын одан әрі дамытуға және реттеуге, терроризмді қаржыландыруға және кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл тәсілдерін, агломерацияларды дамытуға, азаматтық және қылмыстық заңнаманы жетілдіруге және т.б. бағытталған.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексін» және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы», «Сәйкестікті бағалау туралы», «Кәсіби біліктілік туралы», «Жылу энергетикасы туралы», «Агломерацияларды дамыту туралы» бес жаңа заң әзірлеу жоспарда бар.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобаларының сапасын және олардың Парламентке уақытылы енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.