00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ел шахталарында 13 ірі жарылыс болып, 161 адам қаза тапқан

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ел шахталарында 13 ірі жарылыс болып, 161 адам қаза тапқан
ашық дереккөз

1994 жыл

16 наурыз – Саран маңындағы «Ақтас» шахтасындағы өрт. Сол кезде өртті сөндіруге арналған құрал-жабдықтар істен шығып, шахта құтқарушылары жұмыс істеген аумақтарға инертті газ бөлініп, салдарынан 11 құтқарушы қаза тапты.

7 шілде – Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» кенішіндегі газ бен көмірдің жарылуы. Қайғылы жағдайға электр жөндеушінің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болып, 14 кенші қаза тапты.

1995 жыл

24 қараша – Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы кеніштегі метан жарылысы. Жарылыс көмір мен газдың кенеттен бөлінуі мен метан-ауа қоспасының жарылуынан болған. 13 кенші қаза тапты.

1998 жыл

23 наурыз – Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы кен орынында болды. Кесілген тау жыныстары түбінен тау-кен сұйықтары мен газдың кенеттен атқылауынан 1 адам қаза тапты.

1999 жыл

26 қыркүйек – тағы да сол Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы кен орыны. Желдеткіш ағынының және кері айналуының қысқа тұйықталуынан метан газының жарылуы. Салдары жер астындағы ауаның есептік мөлшерінің жеткіліксіздігі мен метанның қабат-қабат жиналуына әкелді. Оқиға орнында 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды.

2004 жыл

5 желтоқсан – Шахтинск кеніші. Лавада газ жарылысы болды. Жер астында 89 адам болған. Жарылыс ошағына жақын жерде жұмыс істегендер бірден қайтыс болып, 23 адам көз жұмды.

2006 жыл

20 қыркүйек – тағы да сол Ленин атындағы шахта. Бұл ең ірі әрі қайғылы оқиға болды. Оған желдету құбырларын ауыстыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болды. Жарылыс кезінде 41 адам қайтыс болды. Жарылыс толқыны 4,5 шақырымды қамтыды.

2008 жыл

11 қаңтар – тағы да Абай кеніші. Шахта төбесін жабу кезінде технологияның бұзылуы салдарынан ұшқын пайда болып, жарылыс орын алды. 30 адам қаза тапты.

2 маусым – Тентек кенішінде көмір мен газдың кенеттен атқылауынан 5 адам қаза тапты.

12 қазан – Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі №65 шахтада «тордан» құлап, 6 адам қаза тапты.

2016 жыл

10 қараша – жұмысшылар жүк көтеріп жатқан кезде арқан үзілген. Үшеуі сол жерде, біреуі ауруханада көз жұмды.

2020 жыл

Маусым – «Ақтөбе мыс» компаниясының 4 қызметкері жарылыс жұмыстары кезінде көміртегі тотығынан уланып қайтыс болды.

Диана Матвеева