00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Азаматтық істердің 20 пайызы тараптардың татуласуымен аяқталады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азаматтық істердің 20 пайызы тараптардың татуласуымен аяқталады
ашық дереккөз

2018 жылдан бастап сот жүйесіне жобалық менеджмент элементтері енгізілді. Ең алдымен, сот ұйым ретінде қарастырылды. Кез келген ұйым секілді онда да 3 кезең бар: «кіріс – процесс – шығыс». Кіріс - сотқа түсетін істер; жаңа судьялық кадрлардың келуі; соттардың инфрақұрылымы мен сервисі. Процесс – сот ісін жүргізу кезеңі. Шығыс – бұл қорытынды сот актілері. 

«Кірісте» не көрдік? Біріншіден, келіп түсетін істердің 70%-ға жуығы шындап келгенде сотсыз-ақ шешілетіні белгілі болды. Демек, судьялар басы артық жұмыспен айналысып келген. Екіншіден, жаңа судьялардың жеке қасиеттері мен кәсіби деңгейіне қатысты қоғамда түрлі сұрақтар туындады. Үшіншіден, соттардың ғимараттары мен сервистері заман талабына сай болмады. Осы мәселелерді шешу үшін 30-дан астам заң қабылданды, судьяларды іріктеу жүйесі күшейтілді, соттардың материалдық-техникалық базасы нығайды. Нәтижесінде, әлсіз заңгерлердің судьялық мансапқа жолы жабылды. Осыған байланысты қазіргі таңда 300-ден астам вакансия бар, бұл барлық судьялық штаттың 13% құрайды. Біздің ұстаным мынадай – кездейсоқ адам судья болғанша, оның орны бос болғаны жақсы. Сонымен қатар, азаматтық істердің 20 пайызға жуығы тараптардың татуласуымен аяқталуда. Сот шешімдері мен үкімдері қоғамға неғұрлым түсінікті бола түсуде. Нәтижесінде жоғары сатыға түсетін арыз-шағымдар саны едәуір азаюда», - деді А.Сәдуақасов.