ДДСҰ коронавирусқа қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады
"ДДСҰ төтенше жағдайда Bharat Biotech компаниясының "Covaxin" вакцинасын қолдануға рұқсат берді. ДДСҰ құрған сарапшылар тобы бұл вакцинаның COVID-19-дан қорғау бойынша барлық стандарттарға сай келетінін атады. Сонымен қатар вакцинаның пайдасы келер қауіптен жоғары болғандықтан, барлық әлемде қолдануға болады", - деп жазылған ұйымның Twitter-дегі жазбасында.
ДДСҰ "Covaxin" вакцинасын 18 жастан асқандарға екі дозасын төрт апталық интервалмен салуға кеңес береді.
Bharat Biotech компаниясы өткізген клиникалық зерттеулердің үшінші фазасы вакцинаның COVID-19-ға қарсы тиімділігі 77,8% екенін көрсеткен. Ал коронавирустың ауыр формасына қарсы тиімділігі 93,4%, ауру белгісі байқалмайтын науқастарда 63,6% көрсеткен. Препараттың "дельта" штамына қарсы тиімділігі дәл осындай болған.
"Covaxin" 16 мемлекетте тіркелген, 50 елде вакцинаны мақұлдау процесі жүріп жатыр. Үндістанда компания вакцинаның өндірісін төрт нысанға бөлген. Жылдық өндірісті 1 млрд дозаға жеткізу мақсатында әрі қарай да ұлғаюды жоспарлап отыр.
Препаратты жүкті әйелдерге қолдануға болмайды, себебі зерттеу нәтижелері бұл үшін әлі жеткіліксіз.