00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолында 7 көлік соқтығысты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолында 7 көлік соқтығысты
ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, кешкілік «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 186 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алған.

«Анықталғандай, Петропавл қаласы бағытында жүріп келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласының 22 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Camry» автокөлігі жолдың ортасындағы қисық сызықты білеуге соғылған. Соның салдарынан түрлі маркалы жеті көлік соқтығысқан. Жол апатынан төрт жолаушы зардап шегіп, Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның ішінде біреуі 9 жасар бала», - деді ведомстводан.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізушілер сау болған.

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-ші бабы 2-бөлігі «жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.