Тұңғыш рет қазақстандық деректі фильм Netflix платформасына шықты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Қазір бұл фильмді Еуропаның барлық еліндегі көрермендер көре алады. Ал АҚШ-та оны Amazon платформасында көрсетеді. ТМД елдеріне қолжетімділік мәселесі бойынша келіссөздер жүріп жатыр.
“Арал теңізінің тартылуы – әлем тарихындағы ең жойқын антропогендік апаттардың бірі. Кемелердің тот басқан қаңқасы мен соры шыққан шөл дала көкжиекке сіңіп барады, бұл жер бір уақытта теңіз толқындарының астында жатқан еді. Арал жайлы ойлағанда еске түсетін көрініс осы”, – делінген Amazon-дағы фильм сипаттамасында.
Естеріңізге салсақ, фильмнің әлемдік премьерасы 2016 жылғы тамызда Locarno International Film Festival кинофестивалінде өткен еді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
«Айқай» фильмі халықаралық фестивальде топ жарды
19 қыркүйек, 2024
Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды
19 қыркүйек, 2024
«Ең бастысы – дұрыс таңдау жасау»: Ерлан Каналимов АЭС салуға қатысты пікір білдірді
19 қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік промо-ролик түсірген мобилограф анықталды