00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтанда сорғы-сүзу станциясы салынып жатыр

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда сорғы-сүзу станциясы салынып жатыр
ашық дереккөз

«Ауқымды жобалардың бірі – сорғы-сүзу станциясының (ССС) құрылысына кірістік. ССС-3 Алматы ауданында салынып жатыр. Қаланы аралау кезінде құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым.

Сорғы-сүзу станциясы қаланың болашақ құрылыс аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сол сияқты сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Қазір біз тәулігіне 290 мың текше метр су тұтынамыз. Жаңа жобаның қуаттылығы – тәулігіне 105 мың текше метр.

Қазіргі уақытта жер жұмысы аяқталды. Нысанды 2023 жылы қолданысқа беруді жоспарлап отырмыз. Бұл нысан – қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды стратегиялық нысан.

Бұдан басқа, жаңа үйлер мен болашақ құрылыс аудандарын жылумен және кәрізбен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 құрылысын (1-кезек, жылумен жабдықтау), КТҚ-2 жобалауды (кәріздік тазарту құрылыстары) жүргіземіз», - деп жазды елорда әкімі.