00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Желіде "Игра в кальмара" ойынының атын жамылған вирус тарады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Желіде "Игра в кальмара" ойынының атын жамылған вирус тарады
ашық дереккөз

Лукаш Стефанко Google Play дүкенінде Squid Game атты мобильді қосымшаның бар екенін байқаған. Оның сипаттамасында әлемге әйгілі болған сериалдан телефон экранына арналған кадрлар жинақталғаны жазылған. Ал шын мәнінде Joker атымен танымал бұл қауіпті бағдарлама желі қолданушыларын ақылы қызметтерге тіркеп, сонымен қоса олардың мобильді құрылғысындағы СМС-хабарларды, байланыстар тізімін және басқа да ақпаратты “ұрлайды”. 

ESET мамандарының айтуынша, Google аталмыш ойын-қосымшаны жойып жіберем дегенше, адамдар оны кемінде 5000 рет жүктеп алған. 

“Бірақ соның өзінде де атақты кореялық драманың атын жамылған вирустан келер қауіп тыйылмай отыр”, – дейді антивирус сарапшылары.

Қазіргі таңда Google Play-де корея драмасымен аттас 200-ден аса ойынды жүктеп алуға болады. “Игра в кальмара” атты ресми мобильді қосымша әзірге жоқ болғаны себепті алаяқтар оның атын өз пайдасына жаратуға қорықпай отыр.