«12 тал қызғалдақ үшін»: Экология министрі гүл жұлған әйелге 12 млн теңге айыппұл салуға қатысты пікір білдірді

15 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
«12 тал қызғалдақ үшін»: Экология министрі гүл жұлған әйелге 12 млн теңге айыппұл салуға қатысты пікір білдірді
фото: видеодан алынған кадр

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынынан кейінгі өткен баспасөз конференциясында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды жұлған әйелге қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Журналистер министрден «12 тал қызғалдақ үшін 12 млн теңге айыппұл салу қаншалықты әділетті?» деп сұрады. 

Оқи отырыңыздар: Желіде 12 млн теңгенің қызғалдағын жұлған әйелдің видеосы тарады

«Заңға сәйкес бұл жерде артық кетіп жатқан жағдай жоқ. Қылмыстық кодектің 339 бабына сәйкес 3 мыңнан 7 мыңға дейін АЕК айыппұл салу қарастырылған. Бәрі заңға сәйкес»,- деп жауап берді Ерлан Нысанбаев.

Еске сала кетейік, жуырда әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің далада өсіп тұрған Грейг қызғалдақтарын жұлып, көлігіне салып әкеткен видеосы тарады. Оқиға Түркістан облысының Ордабасы ауданында түсірілген.

Бұл дала қызғалдақтары Қызыл кітапқа енген. Оны жұлған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады.