Желіде 12 млн теңгенің қызғалдағын жұлған әйелдің видеосы тарады
фото: видеодан алынған кадр
Әлеуметтік желіде тараған видео Түркістан облысының Ордабасы ауданында түсірілген, деп хабарлады Elordainfo.kz Halyqstan телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Онда белгісіз әйелдің далада өсіп тұрған Грейг қызғалдақтарын жұлып, көлігіне салып әкеткенін көруге болады.
Бұл дала қызғалдақтары Қызыл кітапқа енген. Оны жұлған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады. Яғни, қызғалдақты жұлғаны үшін 3 мың АЕК (11 796 000 теңге) айыппұл немесе қоғамдық не түзету жұмыстары көзделген.
Сәуір айынан бастап полиция әлеуметтік желілерден осындай фотосурет пен видеоларға мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл қатарда экологтар мен табиғат қорғаушылары да бар.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
ХҚКО мереке және демалыс күндері қалай жұмыс істейді
24 қазан, 2025
«Сіз салық декларациясын уақытылы тапсырмағансыз»: алаяқтар жаңа әдіс ойлап тапты
24 қазан, 2025
«Хабар» агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өтті
23 қазан, 2025
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету жөнінде жаңа кеңсе құрылады
