Шетел азаматтары Қазақстанға келгенін мобильді қосымшамен хабарлайды
"Қазақстанға жылына шамамен 1,5 млн шетел азаматы келеді. Біз былтырғы 1 қаңтардан бастап оларға көші-қон полициясында уақытша тіркелу талабын жойдық. Бұл елімізге инвестиция тарту мен ішкі туризмді ілгерілетуде оң әсерін тигізді. Бүгінде шетелдік қонақтар Қазақстанға келгені туралы көші-қон полициясына "e-Qonaq" мобильді қосымшасы арқылы хабарлай алады", – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов баспасөз мәслихатында.
Қазіргі таңда елорда мен Алматыдағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетел азаматтарына уақытша тұруға рұқсат беру және виза әзірлеу үшін бірыңғай қызмет көрсету секторы құрылды. Жыл соңына дейін аталған қызмет түрі еліміздегі барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады деп жоспарланып отыр.