00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қоянды су қоймасына ақ амур, тұқы, мөңке шабақтары жіберілді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қоянды су қоймасына ақ амур, тұқы, мөңке шабақтары жіберілді
ашық дереккөз

Су қоймасына жіберілген 90 647 шабақ ақ амур, тұқы және мөңке тұқымдарына жатады.

«Жыл сайын көктем мен күзде осылай су қоймаларына балық шабақтарын жіберіп тұрамыз. Мәселен, биыл көктемде Қоянды және Вячеслав су қоймаларына 2 миллионнан астам балық личинкасын жібердік. Бүгін жіберген шабақтардың 50 мыңнан астамы ақ амур тұқымына жатады. Өздеріңіз білетіндей, ақ амурды көбіне «шөпқоректі тұқы» немесе «табиғи мелиоратор» деп атайды. Оның ірілерінің ұзындығы 1 метр 20 сантиметрге дейін, ал салмағы 30-32 келіге дейін жетеді», – дейді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

Су қоймасына шабақтарды жіберу процесі әдетте Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының кеңестеріне негізделеді, ал аталмыш ұйым өз кезегінде бұл кеңестерді су қоймаларындағы балық саны жайлы орташа статистикалық нәтижелерге қарай әзірлейді.