00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Орал әуежайына Мәншүк Мәметованың есімі берілді
ашық дереккөз

Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ганиева мұндай ұсыныс қоғам белсенділері мен депутаттардан келіп түскенін айтты.

«Nur Otan партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары «Орал» халықаралық әуежайы» ЖШС-іне Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы ұсыныс жасады. Халық қалаулылары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады», – деп атап өтті Света Ғаниева.

Мәншүк Мәметова - Орал облысының (қазіргі БҚО) тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Ол Қызыл Армияда пулеметші болып қызмет етті. 1943 жылдың күзінде қаза тапқан батыр қыз соңғы шайқаста 70-тен астам жаудың көзін жойды. Кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.