00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда ағаш экспортына шектеу қойылды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда ағаш экспортына шектеу қойылды
ашық дереккөз

Ресейден шыққан ағаш материалдарын рұқсатсыз қайта экспорттауға жол бермеу үшін отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ете отырып, ағаштың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге шыққан еліне қарамастан алты ай мерзімге тыйым салынады, – делінген хабарламада.

Ведомствоаралық комиссия отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов экспорттық мораторийді алып тастау туралы шешім қабылданғанға дейін әр алты ай сайын шектеулерді автоматты түрде жаңарту туралы ұсынысты мақұлдады.

Басқосуда күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майының экспортының квотасын ұлғайту және табиғи уран мен оның қоспаларына экспорттық кедендік баж салығын енгізу мүмкіндігі жайында талқыланды.

Әлихан Смайылов тұқым өндірушілердің мүдделерін ескере отырып, күнбағыс тұқымы мен күнбағыс майын экспорттауға квотаның оңтайлы көлемін анықтау және өнім бағасының өсуіне жол бермеу керектігін баса айтты.