00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Вакцина салдырмаған әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Вакцина салдырмаған әскери қызметшілер жұмыстан шығарылады
ашық дереккөз

АҚШ-та әскери қызметшілер, әскери-теңіз күштерінің резервінде тұрғандар вакцина алуға міндетті. Олар үшін соңғы мерзім – 28 желтоқсан. Қазіргі уақытта Америка қорғаныс ведомствосының мәліметінше, әскери-теңіз күштерінің 94% COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өтті.

Украинада мемлекеттік мекемелер, маңызды салалардағы кәсіпорындардың қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен пошташылар коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Виктор Ляшко бұдан әрі тізімге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, коммуналдық кәсіпорындардың, муниципалдық мекемелердің қызметкерлері енгізілуі мүмкін екенін айтты.

Италияда жұмыс орындарына кіру үшін міндетті COVID-сертификаттары қолданыла бастады. «Green pass» электрондық сертификаттарын енгізу туралы шешім бір ай бұрын мақұлданды. Италияда азаматтардың 80,8% коронавирусқа қарсы толығымен егілді. Ал тұрғындардың 85% астамы вакцинаның бір дозасын алды.