1 608 қазақстандық «жасанды бүйрекпен» өмір сүріп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
1 608 қазақстандық «жасанды бүйрекпен» өмір сүріп жатыр
ашық дереккөз

“Елімізде бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегетін және қайтыс болатын адамдар саны өсіп келеді. Бүгінде әлемде 850 миллиондай адам әртүрлі бүйрек ауруларынан зардап шегеді. Әлемдегі әрбір оныншы ересек адам бүйректің созылмалы ауруымен ауырады. Зерттеулерден біздің республикамыздағы бүйрек ауруларының таралу көрсеткіші дамушы елдердегіден 1,5-2 есе көп екенін көруге болады”, – деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, диализ процесіне мұқтаж науқастар керекті препараттардың жоқтығын айтып шағымдануда, бұл олардың денсаулығының нашарлауына алып келеді.

“Мысалы, бұған балама ем ретінде “Кетостерил” препаратын қолдануға болар еді, алайда оны ешкім кепілдендірілген тегін медициналық көмек тізіміне енгізгісі келмейді. Бұл препаратты қолдану арқылы науқас жандардың өмірін ұзартуға болады, сондай-ақ ол гемодиализге бару қажеттілігін сиретеді. Мемлекет тарапынан тегін дәрі-дәрмек алатын адамдар берілетін препараттар көлемінің азайып бара жатқанын айтып жүр, бұл – жылсайынғы проблема”, – деді Вакиль Навиев.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан жиі көз жұмуына әкелетін негізгі факторлардың бірі – қандағы фосфордың тым көбейіп кетуі. Қазіргі таңда Қазақстандағы Диализ орталықтарының тек жартысында, оның өзінде ірі қалаларда ғана қандағы фосфор мөлшерін анықтау үшін талдау жүргізіледі. Қан құрамындағы фосфорды азайтуға дәрі жетіспейді.

Депутаттың сөзінше, бүгінде елімізде 1 608 науқас «жасанды бүйрек» аппаратымен өмір сүріп жатыр.

«Науқастар донорлық органның жетіспеушілігіне байланысты жылдар бойы трансплантация кезегінде тұрады. Дәрігерлер бір жылда 5-6 операция ғана жасайды. Орган табылып, кезегі келгенге дейін қайтыс болып кетіп жатқан адамдар аз емес. Диализ арқылы өмір сүріп отырған азаматтардың барлығы бүйрекке мұқтаж. Олар өмір мен өлім арасында жүр», – деді депутат.