00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйде өрт шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйде өрт шықты
ашық дереккөз

Қалалық ТЖД хабарлауынша, бүгін сағат 16.35-те өрт сөндіру тобы Біржан сал, 6 мекенжайында орналасқан үйдегі өртті сөндіруге аттанған.

“Өрт сөндірушілер келгенде, тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер мен ломбард өртеніп жатқаны белгілі болған. Сағат 16.58-де өрт ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде бір адам құтқарылып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді”, – делінген департамент хабарламасында.

Өрт сөндіруге 8 техника мен өрт сөндіру бөлімшесінің 22 жеке құрамы жұмылдырылды.