00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сарыарқа ауданында «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сарыарқа ауданында «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті
ашық дереккөз

Аталған сенбілікке 450-ден астам адам қатысып, 80 техника, соның ішінде 43 жүк машинасы мен 37 жүк тиегіш жұмылдырылған. Шара барысында тұрғын үй аулалары мен іргелес аймақтарға санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке келген "Қазпошта" АҚ қызметкерлері Жеңіс даңғылы мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысындағы "Ақжайық" саябағын тазаласа, «Астана Зеленстрой» ЖШС 52 қоғамдық кеңістіктер мен "Көктал" саябағында тазалау жұмыстарын атқарды.

Сенбіліктің нәтижесінде қалалық полигонға 24,10 тонна қоқыс шығарылып, аудан бойынша 67 түп көшет отырғызылған. Жоспарға сәйкес, биылға 5965 тал отырғызу көзделген. Бүгінде оның 4125-і егілген.