00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жаңа жылдан кейін жұмыртқа 70 теңгеге қымбаттауы мүмкін

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жаңа жылдан кейін жұмыртқа 70 теңгеге қымбаттауы мүмкін
ашық дереккөз

Солтүстіктегі 35 құс фабрикасының тек бесеуі ғана жұмыртқа өндірумен айналысады. Кәсіпкерлер құс өсіріп, жұмыртқа шығарудың шығыны көп болатынын айтып отыр. Мәселен, биылдың өзінде жем-азық екі есеге қымбаттап, жанармай бағасы 1,5 есеге көтерілген.

"Қазір жұмыртқаның бір данасының бағасы 35 теңгеден басталады. Ал субсидияны алып тастаса, оны кем дегенде 50 теңгеден сатамыз", – дейді құс фабрикасы директорының орынбасары Александр Чесноков.

Бұған дейін мемлекет құс фабрикаларына бір дана жұмыртқаға үш теңге субсидия төлесе, былтырдан бері оны 2 есеге қысқартып тастаған. 2022 жылдан бастап жұмыртқа өндірісі үшін субсидия мүлде төленбейді. Себебі, Қазақстанда жұмыртқа тұтыну бойынша сұраныстан ұсыныс көлемі артып отыр. Ал субсидия енді Қазақстан өзін өзі толық қамтамасыз ете алмай отырған тауарларға ғана төленбек.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің ережесіне өзгеріс енгізілмесе, ендігі жылдан бастап жұмыртқаға субсидия төлемейміз. Жұмыртқа бағасын еркін айналымға жібереміз. Бұдан былай бағаны нарық өзі реттеуі тиіс", – деді СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Жасұлан Уәлибеков.