00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Паспорттар "беделінің" рейтингі: Қазақстан нешінші орында

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Паспорттар "беделінің" рейтингі: Қазақстан нешінші орында
ашық дереккөз

Аталмыш халықаралық рейтингте мемлекеттердің өз азаматтарына ұсынатын қозғалыс еркіндігінің деңгейі бағаланады. Сондай-ақ компанияның сарапшылары әр елдің виза ережелерін талдап, содан соң оларды визасыз кіре алатын елдер саны бойынша сатылай орналастырды.

Индекстің көшбасшылары болып Жапония мен Сингапур танылды, бұл елдердің азаматтары 192 мемлекетке визасыз бара алады. Соған қарамастан Жапония әлі күнге дейін коронавирус үшін барлық-дерлік шетелдік азаматтың елге кіруіне тыйым салған. Екінші орында Оңтүстік Корея мен Германия тұр, олардың визасыз баратын елдерінің саны 190-ды құрап отыр. Бүгінде Германияның өзі 100 шақты елдің азаматтарына әлі шекараны ашқан жоқ. Үшінші орынды Италия, Испания, Люксембург және Финляндия алды, олардың 189 елге виза әзірлеместен кіруіне рұқсат бар.

Қазақстан паспорты рейтингте 75-орынды иеленді, былтыр 74-орында болғанбыз. Бір жыл ішінде бізге виза енгізген ел Кения екен. Айта кетейік, соңғы он жылда қазақстандықтардың визасыз кіре алатын елдерінің саны 54-тен 74-ке жеткен. 

Рейтингтің ең соңында Ауғанстан тұр, бұл елдің азаматтарын небәрі 26 мемлекет визасыз қарсы алуға дайын.