Қазақстандық балалар мен жасөспірімдер қандай қылмысқа көп барады
Аталмыш ведомствоның хабарлауынша, былтыр кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен болған 1873 құқықбұзушылық тіркелген, бұл 2016 жылға қарағанда 44%-ға аз.
Құқықбұзушылықтар санының азаюына қарамастан, жасалған әрекеттердің ауырлығы төмендемегенін атап өткен жөн. Ауыр және аса ауыр құқықбұзушылықтар саны 2016 жылы 653-ті (жалпы қылмыс санының 19,5%-ы) құраса, 2020 жылы 750-ке (жалпы қылмыс санының 40%-ы) жеткен.
Қылмыстық құқықбұзушылықтар құрылымында ең көп үлесті (53,6%) меншікке қарсы құқықбұзушылықтар (ұрлық және тонау) құрайды. Сондай-ақ алаяқтық – 8,2%-ды және автокөлік ұрлау 4,3%-ды құрайды. Құқық бұзушылықтар құрамында ұрлық пен тонаудың үлкен үлесіне қарамастан, соңғы үш жылда олардың саны тиісінше 52,4% және 68,2%-ға төмендеді.