00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Құқық қорғау органдарына өтініш жазғанда нені білген дұрыс?

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Құқық қорғау органдарына өтініш жазғанда нені білген дұрыс?
ашық дереккөз

Құқық қорғау органдары азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы заңсыз. Бұл үшін қызметкер қатаң тәртіптік жазаға тартылуы немесе жұмыстан шығарылуы мүмкін. Құқық қорғау органдары азаматтардан өтініштер мен хабарламаларды кез келген уақытта (әрқашан) қабылдауға және тіркеуге міндетті. Азаматтардан өтінішті алған кезде қызметкер алынған өтінішті қабылдау және тіркеу туралы талон-хабарлама беруге міндетті.

Талон-хабарламада: өтінішті қабылдаған қызметкердің деректері, тіркеу нөмірі, органының атауы, мекенжайы мен қызметтік телефоны, қабылдау күні мен қолы, жедел кезекшінің аты-жөні мен тегі көрсетіледі. Талон-хабарламаны алған кезде қол қойып, оны алған күні мен уақытын қою керек.

Егер қандай да бір себептермен жедел кезекші сізге талон-хабарламаны ұсына алмаса, ақпаратты есепке алу кітабына тіркеуі тиіс. Өтінішіңіздің дұрыс қабылданғанына және тіркелгеніне сенімді болу үшін, нөмірді жазып алыңыз. Ол Сіздің өтінішіңізді болашақта іздеуге және сәйкестендіруге қажет болуы мүмкін.

Өтініш бойынша орган 24 сағаттың ішінде тиісті процестік шешім қабылдауы тиіс, ол туралы ақпарат Сіздің мобильді телефон нөміріңізге 1414 желісі арқылы СМС хабарлама келеді.

Өтініш берер алдында тексеріңіз:

Өтініште барлық қажетті ақпараттар қамтылуы тиіс:

- Сіздің аты-жөніңіз;

- мекенжайыңыз, телефон нөміріңіз;

- өтініштің мән-жайы және себебі;

- келтірілген шығынның толық немесе шамамен алғандағы сомманың көлемі;

- тұжырымдалған бөлік;

- өтінішке қол қойыңыз.

Егер органның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартса, онда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша басқармасына жүгінуге болады (Нұр-Сұлтан қаласы, Ж. Омаров көшесі №60, телефон: 32-49-10, 32-49-18).