Ғизат Нұрдәулетов Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президентімен кездесті
Ғ.Нұрдәулетов Қазақстанға сапары үшін Хван мырзаға алғысын білдіріп, оның прокурорлардың кәсіби қоғамдастықтарының өзара іс-қимылын дамытудағы рөлін атап өтті.
«Қауымдастық әлемнің көптеген елдерінің прокуратуралары мен әділет органдары арасындағы келіссөздер үшін тиімді алаң ретінде әрекет етеді. Бұл біздің ынтымақтастығымызды жақсартады және жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін үздік тәжірибелер мен тәжірибе алмасуға жағдай жасайды», - деді Бас Прокурор.
Өз кезегінде қонақ ұйымдастырылған кездесу үшін ризашылығын білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
Тараптар қылмыстық кірістерді жылыстатумен, трансұлттық және киберқылмыспен күрес, ұрланған активтерді қайтару мәселелерінде құқықтық көмек және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша халықаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.