00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Алмасбек Садырбай 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

6 қараша, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Алмасбек Садырбай 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Алматы облысында 1,2 млрд теңге жымқырды деген күдікпен «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбай аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі.

Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деген  күдікке ілінді.

«Негізгі мақсат-ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жем-шөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылған. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берген. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды», - делінген хабарламада.

ҚМА мәлімдеуінше, осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған. А.Садырбай ұсталды. Оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында.