00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жол жүру билетін әлеуметтік ID кодсыз-ақ рәсімдеуге болады

13 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жол жүру билетін әлеуметтік ID кодсыз-ақ рәсімдеуге болады
фото: Elordainfo

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) және мүгедектік туралы анықтама нөмірін енгізу арқылы темір жол билеттерін жеңілдетілген әдіспен онлайн ресімдей алады, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл жағдайда 6 таңбалы әлеуметтік ID кодын ұсынудың қажеті жоқ.

 «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше енді билеттерді сатып алу кезінде барлық деректер автоматты түрде тексеріледі. Бұл теміржол билеттерін сату жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректер базасымен біріктіру арқасында мүмкін болды.

Теміржол билеттерін онлайн режимінде bilet.railways.kz билеттерді сату жөніндегі ресми порталдан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ теміржол билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарынан сатып алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін теміржол көлігінде жол жүруге жеңілдіктер қарастырылған:

- әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жол жүру құжаты құнының 50% мөлшерінде,

- Тальгоның коммерциялық бағыттары бойынша мамандандырылған купеде 70% мөлшерінде, оның ішінде еріп жүретін тұлға үшін.