00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді
фото: Оңалхан Өнерхан

Бақылау-есепке маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерді тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді. 

Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталуда.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер таратуға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.