00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Саунадағы балалар лагері: Бас прокуратура ел бойынша тексеріс бастады

20 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Саунадағы балалар лагері: Бас прокуратура ел бойынша тексеріс бастады
фото: Бас прокуратура

Алматы қаласының прокуратурасы балалар лагерін ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттіктерді теріс пайдалану және міндеттерді орындамау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Elorda.info Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы демалыс орнын ұйымдастырушыларға тиесілі. Сондай-ақ, маусым айында 10216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасады.

Жазда балалардың құқықтарының ықтимал бұзылуын ескере отырып, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерьлердің қызметін тексеруге кірісті.

Шара барысында балалардың тұратын жері, аймақта санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі, тамақ және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайы тексеріледі.

Биыл балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу кезінде заңдылықты сақтау мәселелері зерттелуде.

Еске салайық, өткен аптада  «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатындағы алматылық мектеп оқушылары балалар лагеріне тегін жолдама алған. Алайда олар Ұзынағаш ауыл маңындағы сауна ғимаратына орналастырылғаны жазылған болатын.