Ринат Зайытов мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіру мәселесін көтерді
5 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: parlam.kz
Amanat партиясы фракциясының мүшесі Ринат Зайытов Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Ол ел аумағында 56 театр, 20 филармония, 267 мұражай және 3 891 кітапхана жұмыс істеп тұрғанын алға тартты. Сондай-ақ, мәдениет саласының қызметкерлері тек қана сахнада өнер көрсететін тұлғалар емес, олардың жағдайын жасап отырған сахна сыртындағы еңбек адамдары да екенін жеткізді. Бұл ретте, депутат жалақының аздығы білікті мамандардың жұмыстан кетуіне және мәдени ошақтар жұмысының әлсіреуіне алып келіп жатқанын атап өтті.
Мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің коэффиценттерін өзгертіп, жалақыларын өсірулеріңізді сұраймын, - деді ол өз сауалында.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады