00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Министрлік маска кию режиміне қатысты түсінік берді

3 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Министрлік маска кию режиміне қатысты түсінік берді
фото: www.gov.kz

Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию міндеттеді деген ақпарат тарап жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады.

«Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі  сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», - делінген хабарламада.