00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды

9 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды
фото: Elordainfo

Отбасы күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы лауреаттарын Х мерейтойлық салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info

Жыл сайын өткізу игі дәстүрге айналған үлгілі отбасылар байқауы – елімізде жанұя құндылықтарының рөлін арттырып, отбасы мен некенің оң имиджін дәріптейтін ауқымды да маңызды оқиғалардың бірі. Конкурсқа 10 жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева салтанатты шараның ашылу барысында байқау жеңімпаздарына Мемлекет басшысының құттықтауын оқыды.  

Биыл конкурсқа 3 344 отбасы қатысты. Олардың 40% қалалық және 60% ауылдық отбасылар.

Түрлі кәсіп пен еңбек әулеттерінен құралған 20 отбасы – өңір жеңімпаздары атанды. Олардың қатарында ұстаздар, қолөнершілер, металлургтер, әскери қызметшілер, кәсіпкерлер, агроөнеркәсіп саласының мамандары бар.

Отбасының әрбір мүшесі – ауылдастарының, қала тұрғындарының, әріптестерінің, көрші-қолаңның құрметіне бөленген, Отанына адал қызмет етіп жүрген еңбек адамы, ауылдың, қаланың қарапайым еңбеккерлері.

Марапаттау рәсіміне Мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері қатысты.

 

Лауреат отбасылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсімі қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты.

Айта кетейік, «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын мына жерден көруге болады.