Меккеде алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы жұмыс істейді

2 маусым, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Меккеде алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы жұмыс істейді
Фото: muftyat.kz

Қазақстан Қажылық миссиясының өкілдері Мекке қаласында алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия өкілдері дәрігерлік ем-шара кабинетінің жұмыс барысымен, сонымен қатар қазақстандық қажылар үшін арнайы елден жеткізілген отандық дәрі-дәрмектер тізімін көріп шықтты.

«Қажылардың денсаулығын қадағалау, оларға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсету – Қажылық миссиясының негізгі жұмыс бағыттарының бірі. Сондықтан бұл саладағы жұмыстарды тиянақты түрде жауапкершілікпен орындауымыз керек. Осы ретте қажылар арасында түсіндіру іс-шараларын жүргізу аса маңызды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жолды іздеуге көмектесуіміз керек», - деді Кенжетай Байкемелұлы.

Айта кетейік, Қазақстан қажылық миссиясының құрамындағы білікті ер және әйел дәрігерлер, сондай-ақ 15 туроператордың әрқайсысында бір дәрігер қажылардың денсаулығын қадағалайды.