00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Мәжіліс көші-қон саласындағы заң жобасын қарайды

Мәжіліс көші-қон саласындағы заң жобасын қарайды
Фото: parlam.kz

Депутаттар бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайтын болады.

Депутаттар бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайтын болады. Құжат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы конституциялық нормаларға сәйкестендіру мақсатымен әзірленген. 

Екінші оқылымда Парламент депутаттары бастамашы болған халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы ұсынылады. Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салынады. 

Алдағы жалпы отырыста Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы да қаралады. 

Мәжіліс комитеттері қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелері, сондай-ақ жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.