«Кінәлілер жауапқа тартылады»: Смайылов қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты
30 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Премьер-министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Алматыда адамдардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды, кінәлілер жауапқа тартылатын болады. Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.
Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.
Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін, - делінген Ә.Смайыловтың көңіл айту жеделхатында.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады