00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық оқушылар ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді

Қазақстандық оқушылар ең мықты жас математиктердің үштігіне кірді
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Болгарияның Варна қаласында математикадан 41-ші Балқан олимпиадасы (BMO) аяқталды. Білім додасында қазақстандық оқушылар жалпы командалық есепте үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, білім додасына 22 елден 130-дан астам оқушы қатысты. Қазақстандық оқушылар жалпы командалық үшінші орынға табан тіреген.  

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 2 қола бар.

Қостанай қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жан Даутов (Алтын медаль),

Алматы қаласындағы РФММ 10 сынып оқушысы Әмірлан Аманжолов; Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Мирон Юркевич; Тараз қаласындағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Марғұлан Шарел  — (Күміс медаль),

Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10 сынып оқушылары Тимур Мұрат пен Әмір Сахипов (Қола медаль) иеленді.

 Жетекшілері - PhD докторы, профессор, KBTU-нің академиялық сұрақтар жөніндегі проректоры Асылбек Исахов және математикадан республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Қанат Сатылханов.

Айта кетсек, Қазақстан құрама командасының математикадан 41-ші Балқан олимпиадасына қатысуы - биылғы жылдың 11-24 шілде аралығында Ұлыбританияда өтетін математикадан халықаралық олимпиадаға (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау болып табылады.