IT, жасанды интеллект, инженерия: сұранысқа ие жаңа мамандықтар бойынша факультеттер ашылады

25 шілде, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
IT, жасанды интеллект, инженерия: сұранысқа ие жаңа мамандықтар бойынша факультеттер ашылады
Фото: freepik.com

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазір көптеген жаңа мамандық шығып жатыр. Жасанды интеллект, инженерия, IT мамандықтары бойынша сұраныс көп. Сол мамандарды дайындау үшін биыл министрлік тарапынан «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында 200 кәсіби стандарт әзірленеді. Аталған стандарттар әзірленген соң жаңа оқу бағдарламаларын дайындауымыз керек. Сол бағдарламалар бойынша колледждер мен университеттерде сұранысқа ие жаңа мамандықтар дайындайтын факультеттер ашылуы тиіс. Мемлекеттік тапсырыс бар, оны тиімді орындау үшін бірқатар жұмыстарды атқарып жатырмыз», - деді Асқар Биахметов.