Инватакси қызметі әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілуі мүмкін

Фото: gov.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазіргі уақытта инватакси қызметі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асады. Ал жаңа бұйрық жобасына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қолжетімді болмақ.
Бұл олардың қызмет көрсетушіні өзі таңдауына және көлікті өзінің ерекше қажеттіліктерін ескере отырып шақыруына мүмкіндік береді. Сондай-ақ қызмет көрсету және есеп алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, қызмет көрсету мерзімдері мен көлікті күту уақытын қысқартуға әсер етпек.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 2025 жылдың 6 тамызына дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар

5 қыркүйек, 2025
Қазақстан халқының нақты саны жарияланды

5 қыркүйек, 2025
Мұнай-газ саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

5 қыркүйек, 2025
Президент бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

4 қыркүйек, 2025
Тұрақты тіркеуі жоқ қазақстандықтарға зейнетақы мен жәрдемақы төленбеуі мүмкін