00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада мас күйде көлік тізгіндеген 450-ге жуық жүргізуші жазаланды

18 сәуір, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада мас күйде көлік тізгіндеген 450-ге жуық жүргізуші жазаланды
фото: ашық дереккөз

Мас күйінде көлік тізгіндеген 450-ге жуық жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мас күйінде көлік жүргізген, бұрын көлік басқару құқығынан айырылған 26 жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, оның санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге шектеуге не бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. Коммуналдық тұраққа 1300-ден астам көлік қойылды. 

Статистикаға сәйкес, жыл басынан бері 42 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде елордада 37 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелген. Елордада апаттылықты азайту, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың, мас күйінде көлікті басқару фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар күшейтілді.

2022 жылдың сәуір айынан бастап елордада ІІМ «Qorgau» жол қозғалысын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылды, ол арқылы полицейлер күн сайын тәртіп бұзушы жүргізушілерді анықтайды. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылар туралы ақпарат қызметкерлердің планшеттеріне тікелей түседі, бұл автомобильдерді тез анықтауға мүмкіндік береді. 

ІІМ «Qorgau» мобильді қосымшасы іске қосылғаннан бері 28 мыңға жуық жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық бойынша берешектері туралы хабардар етілді. 

Көлікті басқаруға куәлігі жоқ 1300-ден астам жүргізуші анықталды. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 312 жүргізуші ұсталды.