00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде табиғи шырын 22,7 пайызға қымбаттады

Елімізде табиғи шырын 22,7 пайызға қымбаттады
фото: Оңалхан Өнерхан

Қаңтар-маусым аралығында 36,3 млн литр жеміс пен көкөніс шырындары өндірілді. Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 пайызға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Energyprom.kz мәліметінше, өндірістің 34,4 млн литрі жеміс шырындарының үлесіне тиді. Оның ішінде апельсин шырыны – 14,2 млн литр, алма шырыны – 7,3 млн литр, ананас шырыны – 985 мың литр. Бұдан бөлек 1,8 млн литрден астам көкөніс шырыны шығарылды. 

Осы жылғы маусым айының қорытындысы бойынша жеміс пен көкөніс шырындарының бағасы бір жылда 22,7%-ға өсті. Жеміс шырындары 22,6%-ға, көкөніс шырындары 23,9%-ға қымбаттаған.

Республика бойынша табиғи шырын бағасы Ақмола облысында айтарлықтай өскен. Антилидерлер қатарында Батыс Қазақстан, Қызылорда және Жетісу облыстары бар.

Секторда ең аз қымбаттау Павлодар және Қарағанды облыстарында тіркелді. Маусым айында табиғи шырын бағасы 1,8%-ға артты.