Елімізде ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады
Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар түрлі салада еңбек етуде. Олар Қазақстан Республикасы Парламентінің, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, заңгерлер, әртістер және т. б. салалық мамандықты игеріп, жетістіктерге қол жеткізуде.
Мүгедектігі бар ересек азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары ашылуда. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жетілдірілуде. Республиканың барлық өңірлерінде кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар атқарылуда.
Айта кетейік,қазан айының екінші жексенбісінде елімізде мүгедектігі бар адамдар күні аталып өтіледі. Егемендік алғалы бері елімізде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға толық интеграциялануы жөніндегі саясат жүзеге асырылуда. Бұл күні мүгедектігі бар адамдарға құрмет пен қолдау көрсетуге, қоғамда азаматтардың тең екенін және оны есте сақтау керектігін білдіреді.