00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ел тұрғындарының саны 20 млн-ға 100 мың адам ғана жетпей тұр

13 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ел тұрғындарының саны 20 млн-ға 100 мың адам ғана жетпей тұр
Фото: ашық дереккөз

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамды құрады, бұл былтырғыдан 1,41% артық, деп хабарлады Elorda.info.  Бұл туралы finprom.kz жазды.

Биыл жыл басына қарай елімізде 19,8 млн адам болса, жылдық өсім 1,35%. Жалпы, ел халқының өсу қарқыны 1,28%–1,49% деңгейінде. Ерекшелік 2022 жыл болды. Ол кезде халық санының 3,3% өсуі алғаш рет тіркелді.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, халық саны ең көп өңірлер Алматы қаласы (2,2 млн адам), Түркістан (2,1 млн адам) және Алматы (1,5 млн адам) облыстары. Ең аз Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында: тиісінше 221,5 мың, 531,7 мың және 608,9 мың адам.

Сонымен қатар, бірқатар облыстарда: Солтүстік Қазақстан, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында халық санының төмендеуі байқалды.

Гендерлік көрсеткіш бойынша жыл басында ерлер саны бір жылда 1,4% өсіп, 9,6 млн адамға, әйелдер саны 1,3% өсіп, 10,1 млн адамға жетті.

Әйелдердің жалпы саны ерлер санынан 4,9% асып түсті.

Ел халқының 35,5%-ын 18 жасқа дейінгі балалар құрады: шамамен 7 млн. Елде 29 жасқа дейінгі 2,7 млн жас бар.

60 пен 69 жас аралығындағы халық саны 1,6 млн, 70 пен 79 жас аралығындағылар — 681,6 мың, 80 жастан асқандар — 317,3 мың.