00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Егемендікке жетелеген тарихи құжат

25 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Егемендікке жетелеген тарихи құжат
Оңалхан Оңерхан

Егер 1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда 2-і Континентальдық конгресспен АҚШтың Тәуелсіздік Деклорациясы жарияланған болса, Қазақстан араға үш ғасырды салып 1990 жылы 25 қазанда еліміздің бұдан әрі «Тәуелсіз мемлекет болсын» деп Жоғарғы кеңестің 12-і шақырылымында жарияланды.

Бұл тарихи құжат, Қазақ елін тарихи қадамдарға бастау алды. АҚШ-қа 1776 жылы тәуелсіз біртұтас мемлекеттілік қаншалықты ауадай қажет болса, елімізге де ұлттық тәуелсіздік, егеменділік соншалықты қажет-ақ...

Бұл Деклорация анау айтқандай, оңай жолмен келген жоқ. Барлық КСРО-ға кіретін елдер өз егемендіктерін қарша боратып алып жатқан кезде, Мәскеудегі КСРО-ң Жоғарғы кеңесі ешбір себепсіз Қазақстанның тәуелсіздігін жариялайтын бастамаларын құқықтық хәм әкімшіліктік құралдардың түрлі құйтырғы жолдармен тоқтатып отырды.

Сол жылдары бүкіл КСРО кеңістігі тұтас саяси және экономикалық хаостың шырмауына түскен ауыр кезеңді өткеріп жатқан болатын. Соған қарамастан, елінің тәуелсіздігі жолында шешуші тарихи қадамдарды арқалап, ауыр жүгіне барлық саяси-бюрократиялық әдіс-амалдарын, тәжірибесін салған Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі, қажырлы әрекеттері түбінде, 25 қазанда Алматының (бұрынғы Комсомольский көшесінде) яғни Төле би көшесіндегі орналасқан Жоғарғы кеңес ғимаратында «Қазақстан КСР-ң мемлекеттік егемендігі туралы Деклорациясын» жариялауға итермеледі. Тұңғыш Презиеденттің есіл еңбегі, маңдай тері еш кетпеді, оны мойындау да ерлік.

Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздік, ұлт пен жер тұтастығы, өркениетті жолға дербес ел ретінде қадам басу арманы қазақ жеріне оралды. Ел тәуелсіздігін қантөгіссіз саяси дипломатиялық әдістердің күшімен алды.

Бұлай деуге, АҚШ-тың тарихи мысалында, 2-і Континентальдық конгресстің алдында 1-і американдық конгресстің деклоративтік құжаттарын, Англия королі III Георг және британдық Парламент үзілді-кесілді жоққа шығарып, арты ұзақ уақытқа созылған қантөгіске, түрлі экономикалық-саяси санкцияларға ұласқан еді. Басыбайлы ағылшын билігі уысынан «жаңа әлемді» құрған болашақ американдықтарға тәуелсіздіктің иісін иіскетпеуге бел буды. Бірақ, тарихи циклдық прогресс өз дегенін жасайды, саяси плюрализм, демократиялық ойшылдық идеялары АҚШ-ты тәуелсіздік жолында күресін тоқтатпады. Жас ұлт өзін-өзі анықталуға ұмтылды («национальное самоопределение»), бұл табиғи қағида...

Қазақстан кешегі тоқсаныншы жылдары, ұлт ретінде қалыптасқанын, тәуелсіз ел болатынына бек сенімді болды. Тәуелсіздік жылдары қандай жолмен болсын кешегі көк етік пен сұр шинель киген кеңес заманына екінші гәрі оралмайтындай, жаңа қоғамға еңсесі биік әлем елдерімен тікелей қарым-қатынас орнатуға, өз пайдасы, өз ережесі, өз мақсат-мұраты болатын үлкен Қазақ ордасына айналуына талпынды.

Тарихи сәт осы Тәуелсіздік туралы Деклорацияның жариялануымен туды, еліміз өз Президентін, Үкіметін, Парламентін анықтады, еліміздің барлық ресурстары мен табиғи байлықтарына жеке өзі ие болуына толық құқылы болды.

Сұлтанмахмұтша айтсақ, «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам?» деуі, тек жеке индивид тұрғысынан ғана түсінбей, ұлт болып тәуелсіздікке ұмтылған қоғам деп қабылдау шарт. Қазақ елі тұсауланған қараңғылықтан жарқын көк аспанына күн болып самғауға өрмеледі, ұрпақтың алдында ең жоғарғы миссиясын орындады. Сол кездегі Қазақ жұртының тарихи еңбегі мен саясат хәм мемлекет қайраткерлерінің батыл қадамдарын тарихтан өшіріп тастай алмаймыз. Жарияланған тәуелсіздік деклорациясы тұғырлы болғай!

Мақсат Жақау