00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

eGov.kz-те кеткен қатені азаматтар өздері түзете алады

22 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
eGov.kz-те кеткен қатені азаматтар өздері түзете алады
Фото: Elordainfo.kz/Мария Конюхова

Сервистер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі қате деректерді жаңартуға және еш кедергісіз мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda info.

Азаматтар отбасы (неке, туу, некені бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау, аты-жөнін өзгерту, қайтыс болу), вакцинация паспортындағы аймақ, көлік құралдарының қате мәліметтері туралы, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі және әскери қызмет туралы мәліметтерді жаңартып, қате деректер анықталған жағдайда өз мәліметтерін түзете алады.

Заңды тұлғаның және жылжымайтын мүлік объектілерінің атауы, орналасқан жері, білім туралы мәліметтерді түзетуге мүмкіндік бар.

«Өздеріңіз білетіндей, азаматтың пәтері немесе автокөлігі туралы деректер мемлекеттік органдардың түрлі деректер базасында орналасқан. Оның ішінде бұл мәліметтер пайдаланушының eGov.kz және eGov Mobile жеке кабинетінде көрсетіледі. Кейбір жағдайларда бұл мәліметтер дұрыс болмауы мүмкін, сәйкесінше бұл мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне әсер етеді. Енді азаматтардың өмірін жеңілдету үшін біз мемлекеттік органдармен бірлесіп мәліметтерді түзетудің 8 сервисін құрдық. Мысалы, егер сізде отбасы немесе білім туралы құжаттарда дұрыс емес ақпарат болса, құжаттың түпнұсқасының фотосуретін немесе басқа да қажетті мәліметтерді қосып өтініш бере аласыз. Өтінім өңделеді және мәліметтерді тиісті мемлекеттік орган түзетеді»,- деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.