Еңбек министрлігі өтемақы төлейтіні рас па?
12 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбек министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.
Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара байланысқа түсуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, - делінген ақпаратта.
Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.
Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.
Айта кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Жұмысынан айырылған 217 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек берілді
19 қыркүйек, 2024
11 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
18 қыркүйек, 2024
Қазақстандықтар ішімдік ішуден қай елдерді басып озған
17 қыркүйек, 2024
385 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді