00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еңбек инспекторлары 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Еңбек инспекторлары 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Оңалхан Оңерхан

1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 827 кәсіпорны 20,6 мың жұмыскерге 5,9 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 1 127 нұсқама беріліп, 134,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 5,2 млрд теңге төленді.