Еңбек инспекторлары 15 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
12 шілде, 2023
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
1 шілдедегі жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 503 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге 4,2 млрд теңгеден астам сома көлемінде жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 593 нұсқама беріліп, 83,3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 574,8 млрд теңге жәрдемақы төленді
20 қараша, 2024
Биыл 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
19 қараша, 2024
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды
19 қараша, 2024
2025 жылы қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады