00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі

Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы 60 пайызға өседі
фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Мемлекет басшысы Бүкілармиялық кеңес отырысында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.
Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек,- деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу керек екенін атап өтті.

Тағы бір маңызды міндет – жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу. Елімізде 9 мыңға жуық әскери-патриоттық ұйым жұмыс істейді. Сол ұйымдардың қатарында 260 мыңнан астам жасөспірім бар. «Жас сарбаз» қозғалысының аясында 400 «Смарт сарбаз» үйірмесі ашылды. Бұл үйірмелерге 6 мыңға жуық жас жеткіншек қатысады. Өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық рухын көтеруге баса мән беру қажет. Бауыржан Момышұлы «Ешкім батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді, өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деген. Біз батырларымыздың ерлігін үнемі дәріптеп отыруымыз қажет. Осыған орай әскери-патриоттық тәрбие берудің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу керек. Сондай-ақ «Жас сарбаз» қозғалысын дамытып, оны ұлттық деңгейге көтерген жөн,- деді Президент.