Биыл 8 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралды
2023 жылдың басынан бері сегіз мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды, деп хабарлады Elorda.info Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2023 жылы 1 маусым бойынша 8 034 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға 1 миллион 115,1 мың этникалық қазақ оралды, – деді ведомство.
Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (54,2%) Өзбекстаннан, 20,1% Қытайдан, 11% Ресейден, 6,4% Моңғолиядан, 4,9% Түрікменстаннан және 3,3 % басқа елдерден оралған.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,8%); Маңғыстау (12,8%); Түркістан (6,4%); Жамбыл (4,8%); Астана (10,7%); Алматы (8,8%) және Шымкентте қоныстанды (7,1%).
1 маусым бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 67,5%, еңбекке жарамды жастан кіші адамдар 23,8% және зейнеткерлер 8,7%-ға тең.
Еңбекке жарамды жастағы қандастардың 17,3%-ның жоғары білімі бар, 37%-ның арнайы орта білімі бар, 38,4%-да жалпы орта білімі және 7,3%-ның білімі жоқ.